Адам кейде шын ғашық болып қосылмағанмен, егер бірін-бірі ұнатып табысқан болса, бірге отасқан өмірлерінің ішінде бірін-бірі сыйлап, бірінің көңілін бірі қалдырмай өтсе, бұлардың да махаббаты шын ғашықтардың махаббатындай аяулы келеді.
Gúlnaz Asanfez uma citaçãohá 7 anos
Жер-жердің бәрі жақсы, өскен жерің бәрінен де жақсы деген осы да!
Арман Саттарfez uma citaçãohá 3 anos
Лион Фейхтвангер айтқан емес ие: «Көркем әдебиет жас баланы саяси қайраткерге дейін тәрбиелейді»,
Әсемfez uma citaçãohá 4 anos
Сүйген адамыңның сен үшін жаны ауырар болса, одан артық бақыт бар ма?! Жоқ, одан артық бақыт жоқ! Мен шын бақыттымын!
Gulim Izimgaliyevafez uma citaçãohá 4 anos
Меніңше, бір сүйген адамыңды мәңгі сүйіп өтуге болады. Бұл махаббаттың күшінен ғана емес, адамның мінез-құлқының тұрақтылығымен байланысты
b6148195517fez uma citaçãohá 5 anos
Жастық—өмірдің ең қызулы шоғы. Бұдан көрікті, бұдан қызықты, бұдан құрметті адамның кезеңі жоқ.
Арман Саттарfez uma citaçãohá 3 anos
аққу қай жерден ұясынан қанат қағып шықса, өлерде басым со жаққа салып жан береді» дегені бар.
b4874496746fez uma citaçãohá 3 anos
Орман өртенсе көзге түседі, адам жанының өртенгені іште қалады.
Еркежан Молдаханfez uma citaçãohá 3 anos
сонда өмірдің ойлаған шиеленіскен түйінін шешу үшін тек бір адамды жақсы керуің жеткілікті күш пе? Меніңше жеткілікті күш. Өйткені өмірдің қызығының өзі де адам баласының бірін-бірі жақсы көруінде емес пе? Олай болса, мен Бәтиманы жақсы көремін. Жақсы көрген жерде өмір бар. Ал өмір бар жерде шешім де болады. Тек жылдамырақ жазылайын...
Бум Бумfez uma citaçãohá 4 anos
Әркімнің жұрт үшін емес, өзі үшін бір қиялы, арманы болуы керек қой. Оны өзгеге айтудың не қажеті бар? Қамыққаныңда көңіліңді жадыратса, шаршағанда сүйенішің болса, одан артық ол арманнан, ол қиялдан саған не керек?