bookmate game
kk
Grátis
Сайын Мұратбеков

Отау үй

  • Динара Кенисхановаfez uma citaçãohá 5 anos
    — Ал өмір деген не? Сен қалай ойлайсың?

    — Өмір деген кең жарық дүниедегі тіршілік, күнделікті тұрмыс, тірлік емес пе?..

    — Ал сол тіршілік, тұрмысты жасап жүрген өзіміз ғой. Ендеше өмір деген өзіміз емеспіз бе?..

    — Олай болса неге қиын? Неге өзімізге өзіміз жамандық жасаймыз. Мен, әрине, тұрмыс жағын, ішу-жеу, киім киюді айтып отырғам жоқ, қазір молшылық қой. Менің бас қатыратыным: неге адам біріне-бірі зәбір көрсетеді? Неге осы бақытты, қайғысыз өмір сүру деген қиын?
  • Тілеш Үмітfez uma citaçãohá 3 anos
    өмір деген өзіміз емеспіз бе?..

    — Олай болса неге қиын? Неге өзімізге өзіміз жамандық жасаймыз. Мен, әрине, тұрмыс жағын, ішу-жеу, киім киюді айтып отырғам жоқ, қазір молшылық қой. Менің бас қатыратыным: неге адам біріне-бірі зәбір көрсетеді? Неге осы бақытты, қайғысыз өмір сүру деген қиын?
  • Тілеш Үмітfez uma citaçãohá 3 anos
    Неліктен бұлай екен? Адам өскен сайын қайғы-қасіреті, мұңы көбейе беретін сияқты ғой. Мен бұрын кішкене күнімде біреу ренжітсе, «Шіркін, қашан тезірек үлкен болар екем, осындайдан құтылатын»,— деп ойлайтынмын.
  • b0250833697fez uma citaçãoano passado
    — Балаға үлкендер әлім жеттік қылса, есейгенде адамға өмірдің өзі әлім жеттік қылады екен ғой, сонда.
  • katiz10118fez uma citaçãohá 2 anos
    Жоқ, әкесінің қаперінде ештеңе жоқ.
  • katiz10118fez uma citaçãohá 2 anos
    , не десең де біз сәл асығыстық жасадық. Қашан да болса сенің өстіп аяқ асты морт кететінің бар. Екі-үш күн бұрын ескертіп, кемпір-шалдың ризалығымен ренішсіз кетуімізге де болатын еді ғой.

    Ұзақ үндеген жоқ.

    — Әкейдің дәті берік кісі емес пе, сыр бермеді, ә?

    — И-ә-ә,— деді күрсіне тыныс алған Ұзақ.

    Сытыр-сытыр еткен дыбыс естілді. Екеуі де елең етіп құлақ түрген. Терезеге сытырлап тама бастаған жаңбырдың дыбысы екен. Ақырын ғана шерткен сияқты естіледі.

    — Байғұс, атам мен апам қайтып отыр екен қазір,— деп қойды Тана.

    Ұзақ орнынан тұрып қараңғы үйде қолын сермеп керіліп-созылып бойын жаза бастады.
  • b2844214337fez uma citaçãohá 3 anos
    өмір деген не? Сен қалай ойлайсың?

    — Өмір деген кең жарық дүниедегі тіршілік, күнделікті тұрмыс, тірлік емес пе?..

    — Ал сол тіршілік, тұрмысты жасап жүрген өзіміз ғой. Ендеше өмір деген өзіміз емеспіз бе?..

    — Олай болса неге қиын? Неге өзімізге өзіміз жамандық жасаймыз. Мен, әрине, тұрмыс жағын, ішу-жеу, киім киюді айтып отырғам жоқ, қазір молшылық қой. Менің бас қатыратыным: неге адам біріне-бірі зәбір көрсетеді? Неге осы бақытты, қайғысыз өмір сүру деген қиын?
  • Aruka Jenisovafez uma citaçãohá 4 anos
    Үнсіз жылайды. «Еш уақыт маңдайыңнан шертпеймін, алақанымда аялаймын»,— деп еді-ау Ұзақ үйленерінде...
  • Aruka Jenisovafez uma citaçãohá 4 anos
    Бар айыбы — күні бойғы үй шаруасынан титықтап барып ұйықтап қалғаны, күйеуінің келуін күтіп сергек жатпағаны. Кінә бар ма, онысына. Әлі жас емес пе?! Ол да біреудің әлпештеп өсірген баласы еді ғой, ол да өз анасының көзінің қарашығы еді ғой!..
  • Aruka Jenisovafez uma citaçãohá 4 anos
    Жігіт, қыз күндерінде бірін-бірі сүйіп үйленеді, сонан соң бірін-бірі ренжітеді, көңілін қалдырады. Рас, тату-тәтті тұратын кездері де болады, бір күн, екі күн... он күн... бір ай.. бірақ бәрібір ұрсысады, қабақтарына кірбің түседі. Неге бұлай?

    — Өмір болған соң солай да...
fb2epub
Arraste e solte seus arquivos (não mais do que 5 por vez)