bookmate game
kk
Grátis
Төлен Әбдіков

Өліара

  • Әсемfez uma citaçãohá 4 anos
    Сонда сенің әр ойың, әр сөзің, іс әрекетің – басқа біреудің тағдырын жасап жататын болғаны ма? Солай болғаны ғой. Өзінің жаңсақ ниетіңмен өзіңнің ғана емес, өзгенің де сенімін, арманын құртуың мүмкін екен ғой...
  • Әсемfez uma citaçãohá 4 anos
    Жоқтан бар болған басарға жер таппас, бардан жоқ болған кірерге көр таппас» деген қазақ қандай данышпан
  • b6924596168fez uma citaçãohá 5 anos
    Сұлудың айыбы – ажары, данышпанның кінәсі – ақылы, жүйріктің басына біткен бәлесі – шабысы. Артықшылық өзгенің жанын жаралап, көңіліне шоқ түсіреді. Қанша жұрттан озсаң, сонша жұрт саған жау болмақ. Сонда бәрінен озу – бәрімен жауласу деген сөз емес пе? Бәрімен жауласқанның жеңген күні бар ма?...
  • Бірғаным Серікбайfez uma citaçãohá 2 anos
    Достық деген бір–біріне тәуелсіз адамдардың еркін ұғынысуы, іштей табысуы... Достық үстемдік жоқ жерде ғана болады...
  • Бірғаным Серікбайfez uma citaçãohá 2 anos
    Тегінде, жаманшылық деп аталатын ұлы күштің не екенін білмейтін адамды бұл өмірден табу мүмкін емес. Адам баласына ең көп тараған білім – жаманшылық туралы білім. Ес білген баладан бастап, еңкейген кәріге дейін өздерін бақытсыз қылатын нәрсенің не екенін, оның қайдан, қалай келетінін табиғи түйсікпен – ақ танып біледі. Жаңа туған хайуан да өзіне төнген қауіп қатерді ең алдымен сезеді, әйтпесе жарық дүниеде жер басып жүре алмас еді. Олай болса, жаманшылықты танып білу, өмірді танып білу деген сөз.
  • Бірғаным Серікбайfez uma citaçãohá 2 anos
    Жаңа мекенді қашан да жерсінбейтін хайуандар секілді адам баласы жаңа заманнан гөрі баяғы заманды аңсап отыратын әдеті ғой. Бірақ ол өзінің баяғы жастық шағын — жақсы шағын ғана сағынып отырғанын сезбейді. Ертең тағы да бүгінгі осы күнді ойлап, қайран заман деп отыратын ұрпақ келеді. Одан кейін тағы солай, тағы солай болып кете береді. Әркім өз бойының қуанышынан ия қайғысынан қоғамның қуаныш–қайғысын іздейді. Өстіп өмір, уақыт жайында мың түрлі ой–пікір пайда болады.
  • Бірғаным Серікбайfez uma citaçãohá 2 anos
    Құдай жаратқан тіршілікте шешімі жоқ ештеңе болмайды деп ойлайтын бұрын. Асқанға — тосқан, қылмысқа — жаза, сабырға — мұрат, еңбекке — зейнет, таршылыққа —
  • Бірғаным Серікбайfez uma citaçãohá 2 anos
    баршылық, әйтеуір, бар азаптың ақыры қайыр — кез келген жазмыштың соңында жауабы болмақ. Түннен кейін күннің шығатыны секілді, жаңбыр мен бораннан кейін күннің қалай да ашылатыны секілді, алла тағала адамның да тіршілігін алмағайып етіп жаратқан ғой. Сондықтан жақсылық та, жамандық та зая кетуге тиісті емес. Тек бәріне сабыр керек. Шығырдың тегерішіндей әр нәрсе ертең–ақ, алла бұйыртса, өзінің орын–орнына түседі.
  • Бірғаным Серікбайfez uma citaçãohá 2 anos
    Бақытсыздық та табиғаттың апаты секілді. Селдің немесе өрттің алғашқы екпінінен кейін адам есін жинап, жеңсін, жеңбесін, әйтеуір, әрекетке қамданады
  • Бірғаным Серікбайfez uma citaçãohá 2 anos
    Өмірді сүру қауіпке айналған кезде, өмір сүрген болып ойнау керек екенін адам құпия түйсікпен сезетін болуға керек
fb2epub
Arraste e solte seus arquivos (não mais do que 5 por vez)