ru
Grátis

КАМБАР БАТЫР

29 páginas impressas
Já leu? O que achou?
👍👎

Citações

  • Айжан Нурасиловаfez uma citaçãohá 8 anos
    «БАБАЛАР СӨЗІ» СЕРИЯСЫНАН
    ЖҮЗ ТОМДЫҚ
    ҚАМБАР БАТЫР
    Жақсылар, дастан айтайын
    Әуелі Алла сиынып,
    Екінші кәміл піріме.
    Құлақ салып тыңдаған,
    Жамандық көрме тіріде.
    Батырлар қылған қайратын
    Қартаймай тұрып әріде.
    Ертедегі ерлерден
    Нұсқа болып соңғыға.
    10. Қалмаған өлмей бірі де
    Ойлағанға осындай
    Опасыз жеңіл дүние,
    Теңізден шыққан құрдымдай
    Жетпеді һешкім түбіне.
    Қазынаға жинап гауһар тас,
    Айдаһардай болып мас
    Сақтаған алтын ініне.
    Ашқа тамақ, жаяуға ат,
    Төрт түлік малға көңіл шат,
    20. Жарайды екен қысылса
    Жұртының қиын күніне.
    Алты ұлы бар Әзімбай,
    Қызы сұлу Назымдай,
    Тоқтады барша тіліне.
    Ашықтық жолын ойлаңыз,
    Бектерім деп қоймаңыз –
    Шығарған сөздің мініне.
    Қыз Назым шықты бұраңдап
    Он сегіз толған жасына,
    30. Кәмшат бөрік келісіп,
    Бірлиант қойды басына.
    Қара мен төре қайғырды,
    Болса деп бізбен ашына.
    Қазақ пен қалмақ, барша жан
    Хабарланды сұлудан,
    Дабысы жұртқа шашылар.
    Жолбарыстай алты ұлдың
    Айбатынан сескеніп,
    Келе алмады һеш бенде
    40. Әзімбайдың қасына.
    Тауыс құстай түрленіп,
    Қоңыраудай алтын күңіреніп,
    Ертелі-кеш серуенге
    Шығады майлап шашына,
    Жәннаттан шыққан хорлардай,
    Порымына қарасаң,
    Қызықпастай қай адам
    Ол Назымның нашына?
    Сүйегі асыл дүр еді,
    50. Құдайдың өзі біледі,
    Он төртінші айдай боп
    Түседі кімнің қасына?
    Алпыс сомдық һәр кезі
    Үстіне асыл кигізді,
    Жорғадан жегіп қара көк
    Күймелі арба мін[гіз]ді.
    Көзі түскен бенденің
    Жүрегін оттай күйгізді,
    Ашылған гүлдей науланып
    60. Қылығымен сүйгізді.
    Өзі теңінің ішінде
    Асырып дәурен сүргізді,
    Уызында жарыған
    Ерте туған бағландай
    Толықсытып жүргізді.
    “Назымға таңдау қоям”, – деп,
    Бұл хабарды Әзімбай
    Алашқа тегіс жүргізді.
    Он екі жасар балаға
    70. Мал жайып кеткен далаға,
    “Қалмасын, – деп, – қатардан”
    Бұларға айтып білгізді.
    Тоғыз қабат торқадан
fb2epub
Arraste e solte seus arquivos (não mais do que 5 por vez)