kk
Grátis
Марат Қабанбаев

Пысық болдым, мінеки

  • Аяулым Кульжановаfez uma citaçãohá 5 anos
    Қалын құмның қойнауынан айына, жылына бір келетін қойшылар ақшаның кесегін қалтаға басады, тиын-тебенін тастап жүре береді.
  • b9036771047fez uma citaçãohá 4 anos
    Әнеукүні Тұрсын «Бони М» деген зіркілдек ансамбльдің әнін телевизордан жазып алып, ертеңінде алдымен соны қойып жіберіп еді, сол күні қырсыққанда киноға рабочком ағай да бара қалыпты. Ертеңіне Тұрсын рабочкомның кабинетінен мойнынан су кетіп, жүдеп шығыпты. Содан бастап репродуктор жөніне көшіп, пісмілланы халық әндерінен бастап жүр
  • Kanat Bolatovfez uma citaçãohá 4 anos
    арқырап төніп қалған көк тракторға далбаңдап кеп ұмтылды. «Бітті!»– дедім іштей.

    Көк трактор қорқақ екен. Шошып кетіп, жол шетіне жалт беріп еді, жиектегі телеграф бағанасын капотына іліп кете жаздады. Семейхан қызыл жалауды бекерге қадап жүрген жоқ, тракторды алай да, бұлай да ойнақтатып, бағананы әупіріммен айналып өтті.

    Бұл кезде Үшбас та әкесінің қолтығына жармасып еді. Балағым жалпылдап, мен де елеуреп жеттім қастарына. Қарап тұрайын ба, шап беріп, кассирдің екінші қолтығына жармастым. Жұмаш аға үндінің биші қызындай басын оң, солға былқ-сылқ бұрып, Үшбас екеумізге кезек қарады. Көзі қанталап кеткен. Соңсоң екі аяғымен тік тұрып билеген кенгуруді көргендей қатты ежірейіп:

    – Е-ей,– деп, сұқ саусағын бетіме тақап, ауаға шым-шытырық ою сызды. Әу баста: «Осы кісі мені сиқырлап
fb2epub
Arraste e solte seus arquivos (não mais do que 5 por vez)