kk
Grátis

Оралхан Бокей. Табигат-Омір-Адам

24 páginas impressas
Já leu? O que achou?
👍👎

Citações

  • Roza Yakubaevafez uma citaçãohá 7 anos
    Күлесіз, бақыттан, шаттықтан күлесіз. Күліп жүріп гүл тересіз, теріп жүріп «Айналайын Алтайым, осы құдіретіңнен, осы келбетіңнен, осы гүліңнен, осы жұпарыңнан айрылып қала көрме, өйткені мен сені сүйемін, өйткені мен сенің перзентіңмін, өйткені жаһанда саған жетер салтанатты жер жоқ!» деп, жар салғыңыз келеді.
  • Акгуль Ашамаеваfez uma citaçãohá 8 anos
    Алтайдың көктемі кешеу келеді. Қыстайғы екі кезге тарта жауған қар еріншектене ерігенше, астынан шөп көктеп үлгереді. Құралайдан бастап нағыз көктем туып, жан-жануарға жан бітіп, әбігерге түссе, адамдар да ағаш үйлерінен ұзап, тырың-тырың тірлігіне, шаруа қамына кіріспек. Май айының аяқ шенінде бүкіл Алтай қып-қызыл гүлге көмкеріліп, жасыл жаулығын қайта жамылады. Көкпеңбек аспанға мамықтай бұлт маңып, тау өзендері көркіне қайта мінбек. Сіз табиғаттың осыншалық сый-сыяпатын төге салған мәрттігіне қайран қалып, тау асып, байып жатқан Күннің алқызыл нұрына табынасыз да, кілемдей түрілген көк майсаға аунай кетесіз. Күлесіз, бақыттан, шаттықтан күлесіз. Күліп жүріп гүл тересіз, теріп жүріп «Айналайын Алтайым, осы құдіретіңнен, осы келбетіңнен, осы гүліңнен, осы жұпарыңнан айрылып қала көрме, өйткені мен сені сүйемін, өйткені мен сенің перзентіңмін, өйткені жаһанда саған жетер салтанатты жер жоқ!» деп, жар салғыңыз келеді.
  • Акгуль Ашамаеваfez uma citaçãohá 8 anos
    күркіреген Бұқтырманың кәусар суына жуынып, қып-қызыл боп алжырап жатқан бүлдірген, жоқ болмаса анау таңқурайды таңдайыңызға салып талмаңыз да, оразаңызды ашыңыз. Міне, сіз Алтайдың арайлы таңына шомылып тұрып, мынау дүниеге жаңа келгендей лүпілді жүрек, лыпыған сезіммен: «Өмір не деген тамаша едің!»— деп, бар даусыңызбен және айқайлайсыз. Сіздің өмірге ғашық екеніңізді анау ұйқысынан жаңа ғана оянған алып таулар жаңғырықтыра тағы да үздік-создық қайталайды-ай... Ал сіз Алтай жазығының жазиралы келбетіне сүйсіне, балқарағай мен шайыр, иісі қоса аңқыған таңғы таза ауаны жұтасыз, армансыз жұтасыз. Сонсоң... сонсоң иін тірескен қалың орманды аралап, тау басына өрмелеңіз. Тау басына көтерілген сайын, анау бір Алтай бұрымы іспетті Бұқтырма, анау тілдей-тілдей көгерген егін, асықтай-асықтай үйрілген аяулы ауыл, жер сонысына тас кенедей жабысқан төрт түлік мал, қара жолдың шаңын аспанға көтерген машина аяғыңыздың астында қалады. Ал сіз — Адам, биіктей бересіз, биіктей бересіз. Енді, міне, орман да таусылды, таудың бірыңғай шақпақ тастарын сусытып, тас шоқының таз басы басталады. Шоқының ұшар басын жасырып аппақ бұлт шөгіп жатады. Аппақ бұлт тауды екіге бөліп сұлап жатады. Кейде осынау аппақ болып сұлап жатқан бұлт жылап та жатады. Ол осынау асқаралы шоқышыңдардың ақ сәлдесі іспетті. Алтай жазы жауынды болады. Ашық күндері аз. Әсіресе, июль айында күн күркіреп, жан шошырлық найзағай ойнайды. Найзағай ойнаған сайын жай түсіп, зәулім қарағайларды қақ айырады. Кей күні бауырсақтай-бауырсақтай өткінші бұршақтар шауып өте шығатыны бар. Алтайда салба-салба бай самырсындар бар, оның басына жаңғақ өседі, бір ай нөсер жауса да, әлгі самырсындардың түбінде отырған

Nas estantes

fb2epub
Arraste e solte seus arquivos (não mais do que 5 por vez)