kk
Grátis

Оразқұлова Қалдыгүл. Бейнелеу өнері тарихына кіріспе

111 páginas impressas
Já leu? O que achou?
👍👎

Citações

  • Сымбат Болатқызыfez uma citaçãohá 3 anos
    «Графика» термині - грек тілінен; «graphein», тырнау, жазу деген мағынаны білдіреді. Графика – графикалық деп аталатын, өнер құрамының ерекше бір түріне негізделетін, бейнелеу өнері, бейнеленуші беті (көбінесе ақ қағаз), сызықтар, штрихтар, дақтар, нүктелер2. Өнердің графика түрі тырнайтын, жазатын, грифель құралының көмегінен сызылып пайда болатындықтан, графика өнері каллиграфиямен, жазбамен тығыз байланысты. ХІХ ғасырға дейін графика мен сурет түсініктері қатаң екіге ажыратылып қаралды. Графика деп тек баспа техникасымен салынатын жұмыстарды атаса, суретке – қолмен салынатын жұмыстарды: нобайды, этюдты, наброскаларды жатқызды.

    Осылай графиканың орындалу техникасына қарай - суретжәне баспа графикасыболып бөлінеді.

    Бұл екі түрдің айырмашылығы суретші мен көрерменнің арақатынасынан шығады. Суретші, суретт
  • Диана Омароваfez uma citaçãohá 7 anos
    Бейнелеу өнерін эстетикалық мәдениеттің рухани және материалдық саласына жатқызамыз. Бейнелеу өнері рухани және материалдық құндылықтар саласының қайсысына қатыстылығын: материалдық құндылықтарға адамға қажетті барлық материалдық заттарды (олар шаблонды болуы мүмкін) қарастыратын болсақ. Ал, өнердің руханилығының нағыз шығармашылықты білдіретініне көңіл бөлу керек. Материалдық құндылықтардың өлшейтін бағасы болады. Ал, рухани құндылықтар материалдық құндылықтарға қарағанда өзгешелеу, олар адам өмірінде көптеген жылдар бойы қалыптасқан, тұрақты салт-дәстүрлермен немесе сакральдықасиеттілігімен ерекшеленеді және сол өлшеммен бағаланады. Мысалы, «мерседес» маркалы машина бұл неміс машинасы. Ол сол халықтың материалдық және рухани құндылығы бола алады дейтін болсақ, ал, Рембрандтың картинасы голландықтардың рухани құндылығы. Демек, рухани құндылықтың да бағасы бар, бірақ бұл критерии ұлттық құндылық критериіне сәйкес келіп, осының негізінде бағаланады. Ал ең жоғарғы адамзаттық құндылықтарда орындалған өнер туындысы бүкіл адамзаттық рухани құндылыққа айналады. Немесе керісінше кейбір бұйымдар мен өнер туындылары басқа ұлтта ешқандай сезімді оятпауы да мүмкін. Мысалы, қазақ халқы үшін домбыра – ұлттық құндылығымыз, домбыра қазақ үшін музыкалық аспап қана емес, ол ұлттық болмысты ашып көрсетуде қазақтың архетипті белгісі бола алады. «Нағыз қазақ, қазақ емес – нағыз қазақ домбыра» деген сөз осыдан қалған. «Домбыра – қазақтың жаны, түп тамыры, ұлттық психология көзі, ұлттық ағартушылықтың бастауы, ұлттық тәрбиенің діңгегі. Домбыра қазақ халқының өнердегі ұйытқысы ретінде, дамытушысы қызметінен еш төмендетпей, керісінше үдеп дамып келеді. Домбыраның одан әрі мәртебесін арттыру - бүгінгі ұрпақтың міндеті болмақ» (Гүлфарида Зейнуллина). Сол сияқты орыс халқы үшін – икона, ал француздар үшін – Эйфель мұнарасы, Египет үшін – пирамида және т.б. ұлттың құнды дүниелерінен көптеп мысалдар келтіре беруге болады.

    Халықтың мыңдаған жылдар бойы қалыптастырған көркемөнер шығармашылығы сол ұлттың ұлттық рухани құндылықтары мен байлығына айналады. Демек, көркем шығармашылықтың негізінде жеке адам мен ұлттық ұжымдық тәжірибелер жинақталған. Ол жеке суретші қолтаңбасы мен әр халықтың ұлттық стилінде көрініс табады. Бұл жағдайда ұлттық өнер ғана дәстүрлі деген түсінік қалыптастыру керек. Бізге белгілі кез келген өнер дәстүрлі, өйткені өнердің бағыты бірнеше жылдар мен ғасырларда жинақталған тәжірибе негізінде қалыптасып, дамып, жалғасын тауып келеді.
  • Shyna Asylkulfez uma citaçãohá 7 anos
    айналған және ол өзіндік бейнелеуші және айқындаушы көркем тілді қалыптастырады.

Nas estantes

fb2epub
Arraste e solte seus arquivos (não mais do que 5 por vez)