bookmate game
kk
Albert Camus

Оба

Avise-me quando o livro for adicionado
Para ler este livro carregue o arquivo EPUB ou FB2 no Bookmate. Como carrego um livro?
  • Әсемfez uma citaçãohá 3 anos
    Бұл жарық дүниеде жетуге ұдайы талпыну керек болатын бірдеңе барын енді олар бек біледі, ол бірдеңе - адам мейірімі.
  • Әсемfez uma citaçãohá 3 anos
    Бұлар да анасы екеуі бірін-бірі қашанда үнсіз сүйіп өтеді. Күндердің бір күні ол да өледі тағдыр жетіп, немесе бүл өледі, сөйтіп өмір бойы бірін-бірі қандайлық жақсы көретінін жеткізер сөз таппай өтеді.
  • Әсемfez uma citaçãohá 3 anos
    Мен үшін бірден-бір маңыздысы - адам болу.
  • Әсемfez uma citaçãohá 3 anos
    бәрінің ретін келтіреді деп уақытқа сеніп, жеңіл ақылдың жетегіне еріп кеткендер. Уақыт аяй ма, екеуін екі жаққа мәңгі бөлді де жіберді. Ал басқалар, мысалы Рамберді алайық, бұлтақтамай, бір бетінен қайтпай, енді жоғалтқан шығармын дегенін тауып алды
  • Әсемfez uma citaçãohá 3 anos
    Көрінеу көзге ұрып тұрғанына қарамастан бір адамның өлімі шыбын шаққанмен бірдей болған ессіз әлемді алғаусыз қабылдаған біздің талғамсыздығымызды жоққа шығарды; сондай-ақ олар қоқыс өртейтін пештерге қуып тығылып, ауаға майлы түтін боп ұшқан, қалғаны өз кезегін күтіп үрей мен дәрменсіздік бұғауында жатқан есінен адасқан халық болғанымызды да жоққа шығарды.
  • Әсемfez uma citaçãohá 3 anos
    Қазір мені толғандыратын бір ғана нақтылы мәселе бар, ол - құдайсыз әулие болудың мүмкіндігі.
  • Әсемfez uma citaçãohá 3 anos
    Маған обаның әркімнің-ақ бойында бары әбден аян
  • Әсемfez uma citaçãohá 3 anos
    обаға шалдыққан ауыздар
  • Әсемfez uma citaçãohá 3 anos
    ешкім туралы ешкім де нағыз ауыр сынақ туған сын сағаттың өзінде шындап ойлай алмайды. Өйткені біреу туралы шындап ойлау - ол туралы ұдайы ойлау деген сөз, ол үшін уақыт дегенді ұмытып, басқа пікірдің бәрінен бас тартып, шыбынның ызыңына да, дененің қышуына да, қарныңның ашуына да мән бермеу керек. Бірақ шыбын мен қышу қашанда болған, бола да береді. Өмір дегенің сондықтан қиын нәрсе. Олар болса, міне мұны өте жақсы біледі".
  • Әсемfez uma citaçãohá 3 anos
    апат жылына бәрінен тән нәрсе - "тұрғындарға толғанарлық өнеге болған керемет сабырлылық пен салқынқандылық".
fb2epub
Arraste e solte seus arquivos (não mais do que 5 por vez)