Жан-жануар, адамзат — бәрі де жаратылыстық жақсылығына зар.
Жалғыз-ақ біреу бар. Ол жаратылысқа разы емес. Жаратылыс оған разы емес. Екеуі бір біріне қырын қарайды. Бірін бірі сүймейді. Жаратылыстың жоғарғы айтылған неше түрлі көркем суреттері бүгінгі таңның жан-жануарға беріп тұрған мейрамы бәрі онан аулақ. Ол мұның бәрінен хабарсыз саңырау. Қара жерді жасартып, қара тасты жібіткен жаратылыстың күші қандай болса да, оның беріш қатқан кепкен жүрегін жібіте алмайды да, жасарта алмайды. Тек оның жаратылыстан алған еншісі кек моланың, бір бұрышы. Оған таңның атқаны, күннің батқаны, бүгінгі таңның әсері оның, ойына да кіріп шыққан жоқ.