Баққожа Мұқай

  • b3299270684fez uma citaçãohá 2 anos
    Біз бәріне қызмет еттік, қарағым. Тек адамға, туған халқымызға қызмет еткен жоқпыз.
  • b6013374151fez uma citaçãohá 2 anos
    “Кектескен жаумен кескілесіп тұрып өлісуге шыдайтын ұл болмаса, сондай ұлды туғызып тұрған ел болмаса қазақтың қай ісі өрге басар дейсің”.
  • b3299270684fez uma citaçãohá 2 anos
    – Ұлттық сөзім өлген жерде адам да өледі,
  • b3299270684fez uma citaçãohá 2 anos
    Бұл туған әкесін ғана емес, туған халқын, ата-баба салтын жек көрудің белгісі.
  • b3299270684fez uma citaçãohá 2 anos
    Ұлтын сүймейтін, ана тілін білмейтін жанның жәндіктен айырмашылығы қайсы? Оған өнердің, әдебиеттің, тарихтың, мәдениеттің, қысқасы, ештеңенің керегі жоқ.
  • b3299270684fez uma citaçãohá 2 anos
    Мен кетемін қазір! Ауылға, балаларыма барамын!..– деп Аяған жымиып күлді. Тамағын ып-ыстық қатты зат келіп кептелді, екі көзінен мөлт-мөлт етіп шыға келген тамшыларды сұқ саусағымен қағып тастады.
  • b3299270684fez uma citaçãohá 2 anos
    Маған жақсы-жақсы тамақ ішу керек. Менің өмір сүргім келеді.
  • b1322285738fez uma citaçãohá 2 anos
    Екеуінің арасындағы кикілжің осындай-осындай мінәйі себептерге байланысты өршіп, өртке айналды. Жақия ұлттардың жақындасуы туралы докторлық диссертация жазуға кіріскелі де біраз уақыт өтті. Кім білсін, бәлкім, қорғап, атағын да алып үлгермеген шығар. Кішкентай ұлттардың болашағының жоқ екенін дәлелдейтін диссертациялардың кезек күтіп жатып қалмайтындығын кім білмейді. Білетіндердің сөзіне қарағанда, болашағы жоқ кішкентай ұлт жер бетінен біржола жоқ болып кетпеу үшін тілінен, дінінен, ділінен бас тартуы керек екен. Қу тіршілік үшін бүтіндей бір ұлт, жо-жоқ, саны аз аз ұлт атаулының барлығы мәңгүртке айналуы керек екен. Мәңгүрт... Қарны тойса қайғысын ұмыта салатын мәңгүрт. Өліп қалмау үшін ғана қыбырлап тірі жүрген мәңгүрт. Ондайларға ата мен ананың қажеті қанша? Мәңгүрт... Адам пошымдас жануар
  • b1322285738fez uma citaçãohá 2 anos
    Халық мәңгүртке айналмау үшін аттандаса несі айып? Жылдар бойы бұғып, көлеңкесінен қорқып, тек жанбағысты ғана ойлап келген халықты “не үшін өмір сүріп жүрміз” дейтін сауалға жауап іздейтін дәрежеге жеткені үшін кінәлауға бола ма? Бұл кінәнің астарында “басыңды жұлып аламын” деген сестің жатқанын кім білмейді. Әйтпесе бас көтерді екен деп басқа ұра ма? Жан ашуын түсінуге тырысудың орнына күшке салды. Оянған халық ойындағысын дұрыстап тыңдайтын тірі жан болмаған соң дүрліккен шығар, бәлкім. Адамдаржы топырлатып алаңға айдап шыққан “белгісіз біреулерді” іздеп, арамтер болу сол халықты бағаламаудың, сыйламаудың, ең ақыр аяғы оған шындап жаны ашымаудың белгісі емес пе?! Халық – тобыр. Тобыр, тобыр... Сталиннің заманына үстем болған ұғым әлі өзгермепті. Демократия мен жариялылықтың салтанат құрғанына сенген халықтың сенімін шынжыр табан танктей әділетсіздікпен таптап жүре берді. Себебі – олардың ұғымынша, алаңға мұңы, жанының ащы айқайы бар халық емес, тобыр шыққан. Тобыр... Құлағы кесік құл... Тобырға сөз жетпейді. Тобырда парасат жоқ, парық жоқ. Ендеше тізеге салып сындыр, тобыр қорыққанын сыйлайды. Тобыр қу құлқынның құлы. Қарнын тойдырып, алдап қой да ойыңа келгенді істей бер. Бюрократия осылай ойлайды, осылай әрекет жасайды. Бұрын да солай болған, қазір де солай... Солар... Солар кінәлі...
  • b1322285738fez uma citaçãohá 2 anos
    Мен келдім, жаным. Балалардың жанына келдім, Әсем. Сен кеткелі көрмеген құқай, қиянатым қалмады. Енді ешқайда бармаймын. Балаларымның жанында боламын,– деп күбірледі. Сонан соң шалқайыңқырап аспанға қарады. Көгілжім аспанға көлеңке түсе бастапты. Ақбұлақ шыңының төбесіндегі бір өшіп, қайта жанған жетім жұлдызды көзі шалды. Жетім жұлдыз... Алдияр Ақпанұлы айта беретін ғұмыры қысқа жетім жұлдыз Өмірзая осы шығар, бәлкім. Аяған теңіз бетіндегі қалытқыдай біресе көрініп, біресе жоғалып кетіп тұрған жетім жұлдыздан адасып қалды. Бір кезде жетім жұлдыз аспан тұңғиығынан дір-дір етіп қайта шықты. Аяғанға ол суыққа тоңып, дірілдеп тұрғандай болып көрінді. Кенет ол түбі көрінбес тұңғиық аспанның тереңіне біржола батты.

    Жетім жұлдыз батып кетті... Өмірзая – жетім жұлдыз...

    – Өмірзая... Өмір – зая... Зая... Зая!..

    Осы бір сөздерді қара жер күңірене қайталап жатқан тәрізді. Қара жер емес, оның сұп-суық құшағында жатқан мың сан аруақ қайталап, күңіреніп жатқандай...
fb2epub
Arraste e solte seus arquivos (não mais do que 5 por vez)