Төлен Әбдік

  • Акнур Абиловаfez uma citaçãohá 2 anos
    ең үлкен жалғыз сәттіліктен кейін, қалған сәтсіздіктің бәріне де төзуге болады. Қиыншылықты жеңудің ең бір үлкен құралы - төзім. Төзе білсең, барлық азап атаулының жүзі мұқалып, майырылып, өтпей қалады. Мәселен, біреу мойныңа 10 кг тас байлап қойса, 20 кг тас байланбағанына шүкіршілік қылып, жаңағы күйіңді бақытты халге айналдырып жіберуге болар ма еді.
  • akopayfez uma citaçãohá 2 anos
    - Мен, мінеки, бірнеше ай бойы қатарынан көз жазбай бақылап келемін, - дедім жүрегім дүрсілдеп, дегбірімнің қашып тұрғанын сездірмеуге тырысып. - Басқа ешқандай амал қалған жоқ... Егер олай жасамасақ, осы екі-үш күннің ішінде қыздың өзін-өзі өлтіріп тынатынына кепіл боламын...
  • akopayfez uma citaçãohá 2 anos
    - Ана қыз өліп қалды ғой,- деді ақырын ғана.
  • akopayfez uma citaçãohá 2 anos
    Өзін-өзі (япыр-ау) өлтіріп тынатынына (ұйып қалған шекемді ұстадым) кепіл боламын..." (Мен екем ғой өлтірген... Мен ғой...)
  • akopayfez uma citaçãohá 2 anos
    Мен өзімнің пышақ ұстап тұрған оң қолыма үрейлене қарадым.
  • b3758543645fez uma citaçãohá 2 anos
    Біз тәні ауыратындарға аяушылық білдіріп, оларды жақсы көре түсеміз, ал жанның дертіне шалдыққандарды көргенде көкейімізде әйтеуір өзіміздің аман екенімізге шүкіршілік
  • b2559406083fez uma citaçãohá 2 anos
    - Ұйықта.

    - Сен ше?

    - Мен сені күзетіп отырамын... таң атқанша... Өмір бойы...

    Алма көзін жұмды
  • b2559406083fez uma citaçãohá 2 anos
    Алма алға оза берген мені тоқтатып, өзіне бұрды да, мойнымнан құшақтай алды. Мен ерніме жұп-жұмсақ, дымқыл еріннің тигенін сездім. Құдай-ау, не деген жұп-жұмсақ, нәзік ерін. Мен Алманың талдырмаш денесін құшақтап, бауырыма бастым. Содан кейін сәбиді иіскегендей, жұп-жұмсақ бет-аузына бетімді үйкеп, демін жұттым.
  • b5146123208fez uma citaçãohá 2 anos
    Айтып беруге келмейтін, ең бір құпия, беймәлім әсер - сұлулық әсері. Біз өзіміздің бүкіл моралімізді адамның тән сұлулығынан жан сұлулығын жоғары қоюға негіздесек те, өмірде сол тән сұлулығымен бетпе-бет келіп қалған кезде өзіміздің әлгі қағидамызды қалай бұзып кеткенімізді білмей қаламыз. Өз еркімізбен ақылы аз болса да сұлу әйелдерге үйленуге дайынбыз, бірақ ақылға бай, көріксіз әйелдерге жолағымыз келмейді. Санамызды жабайы инстинкт секілді бір әуей күш жеңіп кетеді. Біз ең осал жерінен қолға түсіп, тырп ете алмай қалған аңға ұқсаймыз. Ендеше сұлулықтың әлі де зерттелмеген немесе біле тұрып, айтқымыз келмейтін бір сырлары болуы мүмкін...
  • b5146123208fez uma citaçãohá 2 anos
    Жақсы мен жаманды айыру тап мен ойлағандай оп-оңай нәрсе болмай шықты.
fb2epub
Arraste e solte seus arquivos (não mais do que 5 por vez)