Ренжісетін де еш нәрсеміз болған жоқ, бірақ енді, ұрысқақ әйелге сылтау жоқ жерден-ақ табылады ғой. («Есіктің алдын күнде қоқытасың, ылғи мен сыпырам ба?»,«Жолға суды кім төккен?», «Самаурынның шоғын төгіпсің, үйімізді өртемексің бе?») Светаның бір рахаты, әйел болып ондай ұсақ-түйекке бір күңк етпейді. Мақтанғаным емес, мен де ұрысқақ емеспін. Орысша ұрысуға тілім де шорқақ. Елден, қазақтың даласынан келген адам, кілең орыс әйелдерінің ішінде бөлексініп, қаймығып жүрем. Бұ жағынан Светамен екеуміз, жолымыз болып, жақсы қосылдық.